Ақмола облысында "Газель" көлігі 4 жасар қызды қағып, мерт қылды

Жобалар


Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ақмола облысында "Газель" көлігінің жүргізушісі төрт жастағы қызды қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 қыркүйекте Целиноград ауданының Нұресіл ауылында болған.

"Газель" көлігін басқарған жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз мерт болды, – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға шақырды.