Белгілі файтер Қуат Хамитов («Найман») беделді ACA лигасындағы дебютіне бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшының салмағы 78,2 келі болып тіркелген — бұл орта салмақ санатындағы рұқсат етілген межеден 100 грамм артық. Айта кетейік, 23 қазанда Хамитов Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко.
Бұл кездесу қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі маңызды камбэгі болмақ.