Жаршы

Астанада массаж жасайтын әйел зорланғанын мәлімдеді: күдікті ұсталды

Астанада массаж жасайтын әйел зорланғанын мәлімдеді: күдікті ұсталды

Астанада массаж жасайтын әйелді қызмет көрсету кезінде зорлау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол клиенті ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, жалдамалы пәтерде ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана полициясы массаж жасайтын әйелдің жыныстық зорлық-зомбылық туралы арызы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның айтуынша, оқиға 4 шілдеде, емдік массаж жасау кезінде болған.

Оның оқиғасын Human Rights Lawyers қорының президенті Ләззат Рақышева Threads желісінде жариялады.

Әйел адам бұған дейін Қанат есімді ер адамға қызмет көрсеткенін, алайда ол "боди-массажист" табуды сұрағаннан кейін оны WhatsApp-та бұғаттап тастағанын айтты.

Бір айдан кейін ер адам онымен қайта байланысқа шығып, емдік массажға жазылған. Кездесу алдында клиентке әйелдің интимдік қызмет көрсетпейтіні бірнеше рет ескертілген. Арызданушының сөзінше, пәтерде ер адам одан өзінің үстіне отырып массажды жалғастыруды талап еткен. Ол бас тартып, кетпек болған.

"Мен оған: "Егер сізге интимдік қызмет керек болса, жезөкше шақырыңыз. Мен сізге мұндай қызмет көрсетпейтінімді алдын ала ескерттім ғой. Уақытымды босқа алып жатырсыз", – делінген жарияланымда.

Осыдан кейін ер адам оның шашынан тартып, басын диванның қатты бұрышына бірнеше рет ұрған. Кейін, оның айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

"Ол басымнан жұдырықпен бірнеше рет ұрып, қолымен басымды басып, әртүрлі былапыт сөздер айтты", – дейді әйел.

Шабуылдан кейін әйел пәтерден қашып шығуға тырысқан. Ол ер адам пышақпен артынан қуғанын айтады. Бойжеткен терезеге қарай жүгіріп, ауладағы адамдардан көмек сұрай бастаған.

"Мен бар даусыммен айқайлап, көмек сұрай бастадым, шамамен 7-8 рет. Сол кезде аулада жүрген адамдар мені байқап қалды", – делінген жарияланымда.

Ол клиент пышақпен қорқытуды жалғастырып, оны басқа бөлмеге қайта кіруге мәжбүрлегенін айтты. Сондай-ақ бірнеше рет жыныстық зорлық жасап, пышақпен шашын кесіп тастағанын мәлімдеді.

Кейінірек пәтер есігін көршілер қаққан. Әйел ер адам пышақпен қорқытқандықтан, олардан көмек сұрай алмағанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай