Жаршы

Күректің сабымен ұрған: Атырауда шуламауды өтінген тұрғынды бір топ жігіт соққыға жықты

Күректің сабымен ұрған: Атырауда шуламауды өтінген тұрғынды бір топ жігіт соққыға жықты

Атыраудың Береке шағын ауданындағы Сарыарқа көшесінде таңғы сағат 04:30 шамасында шуламауды өтінген жергілікті тұрғынды бір топ жігіт соққыға жыққан, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Іс материалдарына сәйкес, әуелі шулап отырған топқа жәбірленушінің әйелі ескерту жасаған. Жігіттер бұған құлақ аспай, ұрысуды жалғастыра берген.

Ер адамның өзі жақындап келгенде, біреуі оның бетінен ұрған. Ол құлағаннан кейін үшеуі оны қолмен және аяқпен ұрып-соға бастаған, ал тағы біреуі күректің сабымен ұрған.

Өтіп бара жатқан адам оқиғаны телефонға түсіре бастағанда ғана жігіттер тоқтаған. Соққыға жығылған ер адам орнынан тұрып, үйге қашып кіріп үлгерген. Бірақ жігіттер мұнымен де басылмады: қашып бара жатқан адамның соңынан үлкен тас лақтырып, терезені шаққан.

Сотта төрт жігіт те өз кінәсін мойындап, шығынды өтеді және кешірім сұрады. Таяуда Атырау қалалық №2 соты жастарды топ болып бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп танып, әрқайсысына үш жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім шыққанға дейін олар қамауда болған, содан кейін сот залынан босатылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы