Ұшаққа үлгермек болған Астананың екі тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктегі полиция департаментінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі мәліметінше, ер адамдар рейске кешіккеннен кейін наразылықтарын айқайлап білдіріп, балағат сөздер айтқан. Соның салдарынан әуе компаниясының өкілдері акт жасап, болған жайт туралы көлік полициясына хабарлаған.
"Тексеру барысында ұшаққа отыруға кешіккен 28 және 32 жастағы жолаушылардың мас күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушылар рейстен шеттетіліп, полиция бөліміне жеткізілді", – деп нақтылады құқық қорғау органдары.
Сот шешімімен екеуі де қоғамдық орындарда мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қазақстанда әуежайларға, вокзалдарға және мемлекеттік меншіктегі өзге де нысандарға атау беру қағидалары жаңартылды. Енді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбегі сіңген өзге де адамдардың есімін мұндай нысандарға олар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткеннен кейін ғана беруге болады. Ерлік пен батылдық танытып, мемлекеттің Тәуелсіздігін нығайтуға айрықша үлес қосқан тұлғалардың есімін беру жағдайлары бұл талаптан тыс қарастырылады.
Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина



