Жаршы

Петропавлда ломбардтан қомақты сомадағы алтын бұйымдар ұрланды: ақпарат айтқан адамға сыйақы ұсынылды

Петропавлда ломбардтан қомақты сомадағы алтын бұйымдар ұрланды: ақпарат айтқан адамға сыйақы ұсынылды

Петропавлдағы ломбардтардыың бірінде құнды алтын бұйымдар ұрланды. Бұл туралы ломбард өкілдері желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Деньги населению" ломбарды" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, оқиға биыл тамыз айында болған.

"Құрметті клиенттер мен облыс тұрғындары!

2026 жылы тамыздың 15-інен 16-сына қараған түнде Петропавл қаласындағы "Деньги населению" ломбарды" ЖШС бөлімшелерінің бірінде белгісіз тұлға құлыпты бұзып кіріп, қомақты сомадағы алтын бұйымдарды ұрлады.

Егер осы ұрлықты дерегі бойынша қандай да бір нақты ақпарат білетін болсаңыз, қылмысты ашуға көмектесуіңізді сұраймыз. Қатаң құпиялылық пен ақпарат үшін лайықты сыйақы берілетініне кепілдік береміз!", – делінген ломбарды ресми парақшасындағы хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай