Жаршы

Із-түссіз жоғалған қос балықшының денесі Зайсан көлінен табылды

Із-түссіз жоғалған қос балықшының денесі Зайсан көлінен табылды

Шығыс Қазақстан облысында Зайсан көліне батқан қос балықшының денесі табылды. Біреуінің мүрдесін жергілікті тұрғындар жетінші күні тапса, екіншісін сүңгуірлер судан бүгін алып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға Күршім ауданында болды. 22 қыркүйек күні балық аулауға шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалған. Суды сүзген құтқарушылар жағадан төрт шақырым жерден батып кеткен қайықты тапқан.

Іздеуге сүңгуірлер, катерлер, ұшқышсыз ұшу аппараттары, суасты дрондары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Ал мамандарға 25 және 47 жастағы екі балықшының денесін көлден табу оңайға соқпады. Құтқарушылар жеті күннің ішінде су астына 63 мәрте сүңгіген.

"Іздестіру қатты желде, толқында, яғни қолайсыз күн райында, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді", – деп пікір білдірді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Алмас Айбекұлы.

Дереккөз: КТК · телеарнасы Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай