Қосшы

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

2026 жылдың 23 қыркүйегінде президент, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.

Әлемдегі ахуал жылдам өзгеріп жатқан жағдайда Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қауіп-қатерлердің сипаты өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпараттық, технологиялық, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше тоқталды.

Сондай-ақ Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, "Заң мен тәртіп" қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндет жүктелді. Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын сенімді қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс.

2026 жылғы 29 тамызда Президент мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы жарлыққа қол қойған еді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде құрылды. Ал 5 қыркүйекте Мұрат Баймұқашев осы Аппараттың басшысы болып тағайындалды.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина