Белгілі айтыскер ақын, бүгінде желілік компанияға жетекшілік етіп отырған Айнұр Тұрсынбаеваның компаниясына қатысты шу шықты.
Бұл жолы емші Бағдагүл Лепесова Тұрсынбаева жат ағымда екенін айтып, оның компаниясында оранғандар көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Емші ақынның компаниясында оранғандар көп екенін ашып айтты.
«Айнұр Тұрсынбаеваның мына компаниясы ештеңе емес, ол бүкіл Қазақстанды вахабист қылып шығарады. Бәрі оранып, қап-қара киініп алған. Перизат Қайрат та соны істеді ғой. Арабтар бұларға ақша төлейді, әр қызды осылай киіндіріп, суреттерін жібереді екен. Шайға емес, арабтың ақшасына қызығып отырған әйел ғой», — деп жазды ол.
Халықтың басым көпшілігі емшіні қолдап, желіде өз оқиғаларымен бөліскен. Олар Тұрсынбаеваның мағынасы жоқ кітаптарын қымбатқа сатқанын айтты.


