“Диета KZ” тобының әншісі Жасұлан Базарбай қызының еміне қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі аутист қызын емдеп беремін деп құр уәде беретін емшілерді сынады.
“Қызымның ән айтып тұрған видеосының астына неше түрлі “емші”, “құтқарушы”, “шипа беремін” дейтін адамдар жаппай пікір қалдырып жатыр. Мен сіздерге бір шындықты айтқым келеді. Біз осы 9 жылда бармаған жер, баспаған тау қалдырмадық. Қақпаған ем-дом, алмаған “молда”, “балшы”, “энергетик”, “дәруіш” қалмады. Бірақ ешқайсысы нәтиже берген жоқ. Тек қарапайым халықтың қалтасын қағып, үмітін сатып алып жатқаннан басқа түк те істеп жатқан жоқ. Кейбіреулер – “көршісінің үйі өртеніп жатқанда, бас үйітіп алатын” жаман көрші сияқты. Өзгенің қайғысын пайдаланып, пайда табуды ғана ойлайды”, – деп жазды әнші.
Одан кейін сырқат баласының емі үшін түрлі қадамға баратын ата-аналарға кеңес берді.
“Әрине, бәріне топырақ шашпаймын, ішінде шын жанашыр адамдар да бар. Бірақ емшісымақтар, сіздерге бір-ақ нәрсе айтқым келеді. Өмірдегі ең жаман нәрсе – адамның үмітін ұрлау. Ата-ана баласына үмітпен қарайды. Ал сендер сол үмітті жалған уәдеңмен өшіріп жатырсыңдар. Бұл жақсылыққа апармайды. Құрметті ата-аналар, осындайларға сене бермеңіздер. Үмітіңізді ақшаға айырбастамаңыздар!”, – деді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Zhassulan BAZARBAY (@jbazarbaev)