«Енеммен бірге тұрмаймын»: Айнұр Тұрсынбаева қандай келін екенін айтты

Қосшы

Танымал айтыскер ақын, психолог-коуч Айнұр Тұрсынбаева енесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі журналист Ләйлә Сұлтанқызымен сырласып, жеке өмірінен сыр шертті.

“Қазір Стамбұлда тұрғасын, енеммен бірге тұрамын деп айта алмаймын. Бірақ ол кісі мені қатты жақсы көреді. Тамақ істегенім де, істемегенім де ұнайды. Жүрегі өте кең кісі. Кезінде бастан түрлі жағдай өтті. Көңілін табу үшін әркімге жалтақтап, өмір сүрген де кездер болды. Қазір өзім ене болып отырмын. Жасымыз 40-тан асып кетті. Ешкімге жалтақтап өмір сүріп жатқан жоқпыз. Оның заманы да емес шығар?! Енеммен де, келіндеріммен де, құдағиларыммен де жақсы қарым-қатынастамыз”, – деді айтыскер ақын.

Одан кейін коуч-психологтың келіні, блогер Мәдина да әңгіме араласып, жұлдызды ененің қандай екенін айтты.

“Анамыз бізге көмектесіп тұрады. Бірақ жеке отбасымызға араласпайды. Немересіне қымбат сыйлықтар жасайды. Болашақта мен де мама сияқты ене болғым келеді. Менің енем – әр қыздың арманындағы ене деп айта аламын”, – деді блогер келін.