Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Қосшы

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, салдарынан біреуі өлімге әкелген пышақ жарақатын алғ

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, салдарынан біреуі өлімге әкелген пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады. Онда жасөспірімнің қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаменті өкілдері.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан бала 14 жаста болған. Сондай-ақ төбелес мектептен тыс жерде болғаны атап өтілді.