«Азамат болды деген осы»: Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы мен қызы Алматыда жүздеген адамға ауызашар берді

Қосшы

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан мен қызы Айдана Алматыдан жүзге жуық адамға ауызашар берді, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Ақын балаларының бұл әрекетімен мақтанып, желіге салды.

«Кеше менің балапандарым Алматыда 100 адамға ауызашар берді! Азамат болды деген осы… Алла сауаптан жазсын», — деп жазды айтыскер ақын.