Ұлыстың ұлы күні Наурызды атап өту деңгейі елде жылдан жылға кең сипат алып, бірнеше күн тойлау мәдениеті қалыптасып келеді.
Ұлттық дәстүр мен құндылықтарымызды айшықтайтын төл мерекеге қатысты ұғымдарды жастар қаншалықты біледі?
Блиц 1:
Наурызнама жалпы Наурыз уақыты келгенде наурыздың басталғанын жеткізетін ұғым деп ойлаймын.
Блиц 2:
- Наурызкөк дегеніміз, менің түсінігім бойынша наурызда ең алғаш шығатын өсімдіктер.
Блиц 3:
- Наурыз мейрамы дегенде менің ойыма халық ойындары, ақ дастархан жаяды адамдар, Наурыз көже есіме түседі. Береке-бірліктің мерекесі.
Блиц 4:
- Өте қуанышты, өте ауқымды мереке. Біздің патриоттық сезіміміз оянады.