Жаршы

Оралда 10 жасар қыз баланың асқазанынан 620 грамм шаш шықты

Оралда 10 жасар қыз баланың асқазанынан 620 грамм шаш шықты

Оралда дәрігерлер 10 жасар бүлдіршіннің асқазанынан 620 грамм шаш алып шықты. Қыздың асқазанында шаш бары рентген арқылы анықталған, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Кішкентай қыздың тамаққа тәбеті жоғалып, үнемі іші ауырып жүрген соң анасы ауруханаға алып келген екен. Рентген тексерісі асқазанда үлкен бөгде заттың тұрғанын көрсеткен.

едицинада 30 жылдық еңбек өтілі бар білікті хирургтердің өзі мұндай күрделі отаны алғаш рет жасағанын айтып отыр.

Еске салсақ, бұдан бір жыл бұрын оралдық дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан жарты келі шаш алып шыққанын жазған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай