Шығыс Қазақстан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Үлкен Нарын ауданы прокуратурасы тексеріс барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру кезінде заңбұзушылықтарды анықтады.
"Балаларды көзделген 19 сағаттың орнына аптасына 8 сағат қана оқытқаны белгілі болды. Жеке оқу жоспарларында міндетті пәндер болмаған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары сақталмаған, сабақ жүргізуге тиісті арнайы дайындығы жоқ педагогтер тартылған", – дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек педагогтерге іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін еңбекақы заңсыз есептелгені анықталды.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 баланың сапалы білім алуға құқықтары қалпына келтірілді. 4 мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды, 8 педагог бюджетке негізсіз алған қаражатты қайтарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



