Жаршы

Қонаевта шетелдік әйел зорланғанын мәлімдеді: жаңа деректер белгілі болды

Қонаевта шетелдік әйел зорланғанын мәлімдеді: жаңа деректер белгілі болды

Қонаев қаласында ресейлік әйел өзін екі ер адам зорлағанын мәлімдеп, видеоүндеу жариялаған болатын. Оның үндеуі Threads желісінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әйел өзін зорлаған ер адамдар полицейлер болуы мүмкін деген бұған дейін айтқан сөздерін жоққа шығарды. Ол ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Маған сұмдық қылмыс жасалды, мені өзін полиция қызметкері деп таныстырған екі ер адам зорлады. Мен жаңылдым. Тергеу барысында олардың бірі қылмыскер екені анықталды.

Бүгінгі таңда заңсыз әрекет жасаған адамдар ұсталды. Полициядан кешірім сұраймын, маған қате ақпарат берілді", – деді шетелдік азаматша.

Ол полиция объективті тергеу жүргізіп жатқанын және құқықтарын адвокат қорғап отырғанын да айта кетті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай