Блогер Ерболат Жанабылов отбасылық жанжалдан кейін жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"30 қыркүйекде полиция қызметкерлері желіге мониторинг жүргізу барысында Threads желісінен блогер Э.Т.-ның жұбайы Е.Ж.-мен болған жанжал фактісі бойынша бейнежазба жариялағанын анықтады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция мәліметінше, бейнежазбада әйел адам жанжалдың мән-жайын баяндап, қолының қызарып тұрғанын көрсеткен.
"Аталған факті бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Тексеру барысында ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды. Бұл ретте Э.Т. полицияға арыз жазудан бас тартты. Сонымен қатар Ж.Е.-ге қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекетке барғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полицияда бұған дейін, яғни 28 тамызда ер адамның пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны, атап айтқанда, сағат 22:00-ден кейін өзі көрсеткен мекенжайда болмағаны атап өтілді, бұзушылық фактісі бойынша материалдар сотқа берілді.
Еске сала кетейік, блогер Эльмира Төлегенова желідегі үндеуінде Ерболат Жанабыловпен ажырасып жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол жұбайымен болған жақындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.
Сондай-ақ 27 сәуірде блогерлерге қатысты сот үкімі шыққанын еске саламыз. Судья прокурор ұсынған жаза мерзімімен келісіп, блогерлерді заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша кінәлі деп таныды.
Сот сонымен қатар Жанабылов пен Төлегенованың қылмыстық жолмен тапқан қаражатына сатып алынған iPhone 16 (17 дана) және Hyundai Elantra (8 дана) автокөліктерін тәркілеу туралы қаулы етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



