Жаршы

Жылқымен соқтығысқан: Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім көз жұмды

Жылқымен соқтығысқан: Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім көз жұмды

Атырау облысы Индер ауданында жасөспірім қаза тапты. Жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Жол-көлік оқиғасы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына баратын жолда болғаны айтылады.

Басылымның жазуынша, жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және апаттың мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы