Жобалар

Атырауда BINOM мектебінің жанында тағы да баланы көлік қағып кетті

Атырауда BINOM мектебінің жанында тағы да баланы көлік қағып кетті
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Жол апаты 28 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында Нұрсая ықшамауданында болған.

2013 жылы туған жасөспірім жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда, оны KIA Rio автокөлігі қағып кеткен.

Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Қазіргі уақытта полиция қажетті материалдарды жинастырып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», — деп хабарлады Атырау облысының ПД.

Бұл аталған учаскедегі алғашқы ауыр жол апаты емес. Бұған дейін де мұнда адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға болған еді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 19:02

Дереккөз: Ақ Жайық