Қосшы

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

2026 жылғы 28 қыркүйек күні таңертең Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы" ЖШС мәліметінше, сейсмикалық оқиға 28 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 06:32-де тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі нақты қай жерде орналасқаны айтылмады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қалада жер сілкінісі сезілмегенін хабарлады. Сондай-ақ Алматы қалалық ТЖД-ның "112" және "101" нөмірлеріне жер сілкінісіне қатысты оқиғалар туралы хабарламалар мен тұрғындардан өтініштер түспеген.

Алайда Алматының әр ауданында тұратын тұрғындар Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында дүмпуді сезгендерін жазған:

  • "Бір рет әлсіз дүмпу болды. Наурызбай ауданы".
  • "Қысқа дүмпу болды. Ұйқылы-ояу жатқан соң, маған солай көрінген шығар деп ойладым".
  • "Үйдің екінші қабатында төсек қозғалып кетті. Наурызбай ауданы".
  • "Бір-ақ дүмпу болды, бірақ қатты сезілді. Көлікпен келе жатып, кенет тежегендей болды".
  • "Алматы, Қалқаман. Жеке үй. Сағат 06:33-те төменнен қатты дүмпу сезілді. Ит те оянып кетті".
  • "Каменкада жақсы сезілді".
  • "Дүмпу тігінен болғандай көрінді".
  • "Төменнен қатты соққы сезілді. Оянып кеттім. Жетінші қабатта анық білінді. Абай – Момышұлы маңы".
  • "Біреу кіреберістің есігін бар күшімен тарс жапқандай көрінді".
  • "Ақcай-1А, 31А маңында шамамен сағат 06:33-те қатты дүмпу болды".
  • "Иә, жағымсыз сезілді. Тігінен дүмпу болды. Тоғызыншы қабат, Алмагүл".

Бұған дейін, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген еді. Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының дерегінше, оның магнитудасы 3,1 болған.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина