Белгілі әзербайжандық әнші Роза Зергерлі Ресейдегі концертін бір минут үнсіздікпен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әзербайжандық әнші концертін үнсіздікпен бастап, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жас қазақстандықтардың рухына құрмет көрсетті. Ол үзінді видеоны желідегі парақшасында жария етті.
"Әзербайжан ұлтының өкілі ретінде менің концертімде қазақтың жас әскерилерінің рухына құрмет көрсетіп, қазақ халқына ортақ көңіл айтқанымыз үшін Ресей және башқұр халқына ризамын", – деп жазды ол.
Каспийдегі қайғылы оқиға
-
Каспийдегі трагедия: Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
Бүгін, 12:37
-
"Кешірім сұраймын": қорғаныс министрі Каспийде қаза тапқан әскерилердің отбасымен кездесті (видео)
Бүгін, 10:39
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай



