Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.
— Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Марал Әділ



