Ақмола облысында жыл басынан бері 17 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп, полицияға жүгінді, деп хабарлайды 24kz.
Отбасындағы жанжалға байланысты 7 адам сот шешімімен қамауға алынып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 10 адам жәбірленушілерден кешірім сұрап, ескерту жазасымен шектелді. Өңірде отбасындағы зорлық-зомбылық деректері былтырмен салыстырғанда 50%-ке артқан. Осыған байланысты аймақта отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. Бұл құрылым жәбірленушілердің құқығын қорғап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды әшкерелеумен айналысады.
Динара Мұғжанова, ПД бөлім бастығының міндетін атқарушы:
- Бөлімшенің басты ерекшелігі оның отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға бағытталуы болып табылады. Жұмыстың негізгі бағыты – отбасындағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін анықтау мен бақылаудың жаңа алгоритмінің әзірлеу. Ақмола облысы аумағында 9 дағдарыс ортылығы ұмыс істейді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологтардың қатысуымен, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі.