«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өрті өшірілді

Жаршы

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өрті үшінші күн дегенде әрең өшірілді. 1050 гектар алқап күлге айналды. Елді мекендер өрттен аман. Жалынды ауыздықтауға 100-ден астам қызметкер және 25 техника, бір тікұшақ тартылды. Ми-8 тікұшағы 10 рет әуеге көтеріліп, 30 тоннаға жуық су шашты. Әзірге өрттің себебі анықталмады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт