Қазір тағы 28 елді мекен мен 10 ауылдық округтің атауын өзгерту бойынша құжаттар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жалпы кез келген ауыл мен көшеге тарихи атау беру республикалық ономастикалық комиссияның келісімімен жүзеге асырылады. Алайда архив құжаттарымен тарихи еңбегі дәлелденбеген тұлғалардың есімдерін ұлықтауға жол беруге болмайды. Бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президент мәлімдеді. Алқалы жиында ономастика саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Блиц 1:
- Президент айтып өткендей сөзінде, бізге аты да, тегі де мәлім емес адамдар, тіптен жер-су атаулары, көше атаулары берілгеніне біз таң қалдық. Әрине, бұл халық ішінде құптарлық дүние емес деп ойлаймын. Жалпы жер-су атауын, көше атауын берер кезде елге еңбегі сіңген өңірге тарихи тұлғалар бар. Солардың есімін берсе, келесі өскелең ұрпақтың да білуіне, есте сақтауына көп әсер етеді.
Блиц 2:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ономастика мәселесі туралы сөз қозғады. Мен оны өз басым орынды деп есептеймін. Біріншіден, елге белгілі тұлғаларды ұлықтау артық болмайды.
Блиц 3:
- Жалпы Ұлттық құрылтайда ономастика мәселесінің көтерілуі заңдылық. Өйткені соңғы жылдары жеке кісілер, жеке топтар әр ауылға, көшелерге кейбір айшықты нысандарға өзін ғана мадақтайтын есімдерді қойып жатыр. Бұл дұрыс емес деп санаймын. Сондықтан Президентіміз бұл мәселеге толығымен тоқтау салуы жақсы бастама деп білемін.