Жетісуда үш автокөлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Жаңа күн

Жетісу облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйекте сағат шамамен 01:30-да Алматы – Өскемен автожолының 479-шы километрінде, Алакөл ауданының Көлбай ауылы маңында тіркелді.

"Алдын ала деректер бойынша, Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанасқаны соқтығысуға себеп болған. Жол апаты салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Жетісу полициясы.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жол ережесін бұзу қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін", – деп ескертті Жетісу полициясы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget