АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Лонг-Айлендте орман өртеніп жатыр , деп хабарлайды 24kz.
Осыған байланысты билік төтенше жағдай жариялады. 4 жерде өрт ошағы тіркеліп, оның үшеуі ғана сөндірілді. «Өртті толық ауыздықтау мүмкін емес», - дейді мамандар. Оған қатты жел кедергі келтіріп тұр. Өрт сөндіру кезінде бір адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Енді өрт күшейетін болса, тұрғын үйлер мен химиялық зауыттар жанып кетуі мүмкін. Осыған байланысты қазір тұрғындар әскери базаларға көшіріліп жатыр. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз.