Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам көміртегі тотығынан уланып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдай киностудия ұйымдастырған түсірілім кезінде болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар бар. Барлық зардап шеккен адам тексеріс жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізілді", — деді ведомство өкілі.
Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімшесінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз