Тобыл өзеніне шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті

Жаңа күн

Қостанайда Тобыл өзеніне шомылуға барған бес жасөспірімнің бірі суға батып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Балаларды сол маңдағы балықшы байқап қалып , төртеуін құтқарып үлгерген, алайда бесінші баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Құтқарушылар көп ұзамай жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Ал аман қалған төрт баланың ата-аналары заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәдина Нағашыбай