ТЖМ су қоймаларындағы қауіп туралы ескертеді

Жаңа күн

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы азайып, қауіп төндіруі мүмкін. Мұз опырылып, ойықтар пайда болады. Сондықтан, төтенше жағдайлар министрлігі мұздың бетіне шықпауға кеңес береді. Әсіресе, балықшылар сақ болғаны жөн. Тағы бір маңызды мәселе — көліктің кез келген түрімен мұзда жүруге тыйым салынады. Бұдан бөлек, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларға жұқа мұзға жақындау қауіпті екенін айтқан абзал.

Азамат Бейбітұлы