Арал жұрты Наурызнама онкүндігін тойлап жатыр

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қызылорда облысы, Арал ауданында наурызнаманың әр күні кең көлемде тойланып жатыр. Теңізді өлке жұрты мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, ескі әдет-ғұрыпты қайта жаңғыртуда. Аудан өнерпаздары көш керуеніне шығып, ауыл көшелерін думанға бөледі. Орталық алаңда қаз-қатар ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мереке мәдени шаралармен өрбіді. Ақ жаулықты аналар диірмен илеп, қымыз пісіп, құрт-ірімшік әзірледі. Ал қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, мәз-мейрам.

Қуатбай Бағыбергенов аудан тұрғыны:

Қандай көрініс болып жатыр халқымызға. Көп қуаныш сыйлап жатыр. Тіршілік иесі тірілетін уақытысы осы уақытта. Төл мерекесі ғой қазақтың. Байырғы. Біз ұлықтауымыз керек. Әлде де көтеруіміз керек осыны.

Ал әр киіз үйде қазақтың салт-дәстүрінен көрініс қойылды. Сондай-ақ, мерекелік шарада дәстүрлі әндер шырқалды. Әр ауылдың өнерпаздары көпшілікке өз концерттік бағдарламасын ұсынып, орталық алаңдағы той-думан кешке дейін жалғасады.

Әділбек Серікұлы