Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы ұстаздардың 82,1 пайызын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың білім беру сатысы мен саласындағы үлесі мынадай:
100 750 педагог-әйел — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
334 641 педагог-әйел — орта білім беру ұйымдарында;
2 444 педагог-әйел — түзету-білім беру ұйымдарында;
13 113 педагог-әйел — қосымша білім беру ұйымдарында;
29 025 педагог-әйел — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
3 815 педагог-әйел арнайы білім беру ұйымдарында қызмет етіп жүр.