Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы – әйелдер

Жаңалықтар

Еліміздің білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді.

Бұл туралы ҚР Оқу ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың ішінде:

  • 100 750 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
  • 334 641 – орта білім беру ұйымдарында;
  • 2 444 – түзету-білім беру ұйымдарында;
  • 13 113 – қосымша білім беру ұйымдарында;
  • 29 025 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
  • 3 815 – арнайы білім беру ұйымдарында.