Алматы облысының Жаркент қаласы мен Шолақай ауылының арасындағы трассада жол апаты болып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қара жолдағы қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Жаркент Шолақай трассасында бүгін болған апат. Үш адам тіл тартпай кеткен. Жылдамдықтан асырмай, абайлап жүріңіздер! Жол қателікті кешірмейді, – деп жазды желі қолданушысы.
Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік алдыңғысын басып оза бергенде жолдың қарсы бағытында келе жатқан көлікке соғылған.
Полиция жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.