Отандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
All Stars Boxing промоутерлік компаниясының мәліметінше, Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс лигасымен келісім жасаған алғашқы қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірлесіп, жаңа бокс лигасын құрғанын жариялаған еді. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымынан өзгеше, мұнда әр салмақ дәрежесінде тек бір ғана чемпион болады.
«Биыл америкалық аренада жұдырықтасамын. Онда жұлдыз болу оңай, бірақ жарқырап тұру қиын. Өзімді дәлелдеуге дайынмын!» деп жазды Данияр Елеусінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.