QazaqGaz және Узтрансгаз Өзбекстан аумағы арқылы газ тасымалдауға уағдаласты

Жаңалықтар


QazaqGaz және Узтрансгаз Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы газ тасымалдау туралы келісімшартқа отырды.


Өзбек ұлттық компаниясы тарапынан құжатқа Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Исаков, QazaqGaz тарапынан Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келісімшартқа қол қою – газды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтарды бекітеді және газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді.

Келісім өңірлік газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуіне негіз болады.