0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Қостанай облысында боран мен көктайғаққа байланысты төрт облыстық, екі республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелді. Соның салдарынан 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды. Ұзын-сонар көлік тізбегі Әулиекөл ауданы мен Октябрь кентінің арасында жол жиегінде тізіліп тұр. Олардың ішінде Қырғызстан-Ресей бағытындағы автобус та бар. Жолда қалғандардың арасында 4 бала бар. Полиция қызметкерлері жолаушылардың барлығын жылы жерге – жергілікті мектептің спорт залына орналастырды. Ал өңір құтқарушылары түнде 27 жолаушыны қар құрсауынан алып шықты.
Мәдина Нағашыбай