Түркістан облысында жол тәртібін бұзған адамды қуған полицейдің өзі мерт болды

Жаңалықтар

Түркістан облысында патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қызмет бабында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 5 наурызда Жібек-Жолы – Жетісай тас жолында орын алды.

Полиция экипажы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген тәртіп бұзушыны қуған кезде апатқа ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қанат Ғабитов оқиға орнында көз жұмды, ал тағы алты адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовмарқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.