Алматыда көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтауға және алдын алуға бағытталған " Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұсталғандардың 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі зауытта жалпы еңбек міндеттерін атқарған екен.
Айтпақшы, тағы екі шетелдік заңсыз жолаушылар тасымалдап, такси жүргізушісі болып жұмыс істеген.
“Шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды”, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.