Жаңа тәртіпке сәйкес, визаға құжат тапсыратын азаматтарға нөмірлік талондар беріледі.
Жапонияның Қазақстандағы елшілігі 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап визаға құжат тапсыру тәртібі өзгеретінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа тәртіпке сәйкес, визаға құжат тапсыратын азаматтарға нөмірлік талондар беріледі. Талондар құжат қабылданатын күні сағат 09:30-дан бастап күту залында таратылады.
Нөмірлік талон тек визаға өтініш беруге құқық береді. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі. Талон тек берілген күні жарамды және оны келесі күндері пайдалануға болмайды.
Виза нәтижесін алу кезінде нөмірлік талон қажет емес.
Талонсыз құжат тапсыруға болатын жағдайлар:
- Жапония үкіметі немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруы бойынша;
- медициналық қызмет алу мақсатындағы визаға өтініш бергенде;
- вербалды нота арқылы құжат тапсырған кезде.
Елшілік дүйсенбі және жұма күндері келушілер көп болатынын ескеріп, мүмкіндігінше аптаның басқа жұмыс күндері келуге кеңес берді.
Айта кетейік, Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында 2026 жылғы жазғы Азия ойындары өтеді.