Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?

Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 1 ай ішінде жаңа баспана бағасы бірден 2,5%-ға жоғарылаған. Алғашқы нарықтағы бағалар 7 қалада өсіп отыр. Жыл басынан бері құрылыс компанияларынан сатылатын пәтерлер 15,3%-ға қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz.


Қарашадағы ең жоғары өсім:

- Ақтөбе: +4,3%;
— Алматы: +3,5%;
— Астана: +3,2%;
— Талдықорған: +2,3%; — Көкшетау: +2,1%.

0,2-0,8% аралығындағы өсім Қарағанды, Павлодар, Қостанай қалаларында тіркелді.

Қалған қалаларда бағалар өзгермеді

Олар: Шымкент, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан.

Баға төмендеген жалғыз қала – Қонаев: айына 0,2%.

Жаңа үйлердің шаршы метрі неше теңге?

Ел бойынша биылғы қараша айында жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 568 813 теңгеге жеткен. Бұл осы жылдың қазан айымен салыстырғанда 13 652 теңгеге қымбат.

Ең қымбат алғашқы нарық:

- Алматы: 690 668 тг/ш.м;
— Астана: 671 200 тг/ш.м;
— Атырау: 521 361 тг/ш.м;
— Шымкент: 518 364 тг/ш.м; — Семей: 467 745 тг/ш.м.

Ең қолжетімді бағалар:

- Орал: 299 155 тг/ш.м;
— Ақтөбе: 327 514 тг/ш.м;
— Түркістан: 338 637 тг/ш.м.

Бағалардың жыл ішіндегі өзгерісі

Жылдық өсім (2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда) – 15,5%.

Өсім бойынша көшбасшы – Алматы: бір жылда пәтер бағасы 19,9%- ға көтерілген.

Айтарлықтай өсім байқалған қалалар:

  • Павлодар: +19,6%;
  • Қонаев: +17,5%;
  • Астана: +17,4%.

Ең төмен жылдық өсім көрсеткендер:

- Өскемен: +1,3%;
— Петропавл: +2,6%;
— Жезқазған: +5,3%.

Жаңа тұрғын үй кешендері және бағалар туралы ақпаратты Krisha.kz сайтының «Жаңа құрылыстар» бөлімінен табуға болады.