Нью-Йорк тауар биржасында платина, палладий, алтын және күміске арналған келісімшарттардың бағасы 1,33%-дан 7,74%-ға дейін көтерілді.
Сауда деректеріне сәйкес, Қазақстан уақытымен сағат 19:03-тегі жағдай бойынша Нью-Йорк биржасында 2026 жылдың наурыз айында жеткізілетін палладийдің бағасы 2,35%-ға өсіп, бір трой унциясы 1 727 АҚШ долларын құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сол уақытта 2026 жылдың қаңтар айында жеткізілетін платинаның бағасы 5,8%-ға қымбаттап, бір трой унциясы 2 258,5 АҚШ долларына жетті.