Британияда пойыздағы шабуылдан 10 адам зардап шекті

Жаңалықтар

Полиция екі күдіктіні ұстады.

Англияның Кембриджшир графтығында пойыз ішінде болған пышақпен шабуыл салдарынан 10 адам ауруханаға түсті, олардың тоғызы ауыр жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 1 қараша күні кешке Хантингдон маңында, Донкастерден Лондонға бағытталған пойызда болған. Терроризммен күрес қызметі тергеуге қатысуда. Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер зардап шеккендерге қолдау білдірді.