Депутат ЛГБТ насихатына қарсы екенін айтты

Жаңалықтар

Күні кеше Мәжілісте жұмыс тобының отырысы өтті.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева ЛГБТ насихатына тыйым салатын нормаларды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желіде ЛГБТ қарым-қатынасын қалыпты деп насихаттайтын видеоларды кездестіруге болады.

"Бірақ егер біз бұл әрекетке тоқтау қоймасақ, Батыста немесе басқа жерлердегідей, баланың туған кездегі жынысы көрсетілмей, кейін өзі таңдайтын жағдайға жетеміз", – деп ойлайды Дементьева.

Айта кету керек, бұған дейін депутат кітаптарда ЛГБТ қалай насихатталып жатқанын айтқанын жазғанбыз.