Жамбыл облысындағы шекарада тыйым салынған заттар тәркіленді

Жаңалықтар


Олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы бар.


ҰҚК Шекара қызметі 14 желтоқсанда Жамбыл облысының "Айша-бибі" өткізу пунктінде есірткі заттарының ірі партиясын тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды.

– Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин — 0,999 кг, апиын — 3,620 кг және гашиш — 25,949 кг. Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.