Қарағандыда екі жасөспірімді автокөлік қағып кетті

Жаңалықтар

Қарағандыда жол апаты болып, автокөлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұқанов көшесінде Hyundai автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кеткен. Алдын-ала дерек бойынша, 16 және 17 жастағы жасөспірімдер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.