Президент Дональд Трамптың сауда соғысын күшейтуі елдегі қор нарығы құлдыратып барады.
Бұл туралы inbusiness.kz cайты "Рейтерс" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Рейтерстің" хабарлауынша, бәрінен де Nasdaq қор биржасының индексі қатты төмендеді. Ол 3,4% табысын жоғалтқан.
Бұл – кейінгі 6 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Технологиялық компаниялардан Nvidia акциялары 4,4%, Microsoft пен Amazon-ның құнды қағаздары 3%-ке кеміді.
"Рейтердің" сауалнамасына қатысқан экономистердің 91%-і: "Дағдарысты Трамптың сауда саясатын жүргізудегі тосын мәлімдемелері мен қауіпті қадамдары тудырып отыр" деп есептейді.
Америкалық шаруалар 2018 жылы Трамп ел тізгінін ұстаған кезеңде Қытаймен болған тарифтер тартысында АҚШ ауыл шаруашылығындағы кірісінің 27 миллиард долларынан айырылған еді. Енді олар алдыңғы жағдай тағы да қайталана ма деп үркіп отыр.