Маңғыстау облысында жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылды

Жаңалықтар

Жедел жәрдем мен ВАЗ көлігі соқтығысып қалған.

Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

"ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.