Бакалавриатты "Болашақ" бағдарламасымен оқу: Үміткерлерге қандай шарттар қойылады

Жаңалықтар

Талапкерлер қазақ тілін ең төменгі талаптар деңгейінде білуі міндетті.

Ғылым және жоғары білім министрлігі "Болашақ" бағдарламасы аясында бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндік беру мақсатында стипендияны тағайындау тәртібіне енгізілетін өзгерістерді әзірледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, "Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлердің бакалавр дәрежесін алуға конкурстық іріктеуге қатысуына келесі шарттар қойылады:

  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз қабылдануы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар бакалавр дәрежесін тағайындау үшін академиялық оқудың бүкіл кезеңі үшін академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық өтей отырып, ұсынатын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін тағайындау, резидентурада оқу үшін академиялық оқуға өтеусіз негізде шартсыз шақыруы (қабылдауы) бар үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына жол беріледі;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді білуі;
  • таңдаған мамандықтары олимпиаданың немесе конкурстың пәніне сәйкес келген жағдайда тізбесін Республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі соңғы 3 (үш) жылда алған дипломының болуы.

Оқи отырыңыз: "Бакалавриат қайтарылады". "Болашақ" бағдарламасындағы үш өзгерісті ғылым министрі атады


Үміткерлер бакалавр дәрежесін алуға, резидентурада оқуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін әкімшіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  • толтырылған сауалнама;
  • жалпы орта білім туралы аттестаттың немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
  • таңдаған мамандықтары олимпиаданың немесе конкурстың пәніне сәйкес келген жағдайда тізбесін Республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі соңғы 3 (үш) жылда алған дипломының электрондық көшірмесі;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың электрондық көшірмесі;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
  • оқу бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың (қаржылық шарттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері;
  • шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар академиялық оқудың бүкіл кезеңі үшін академиялық оқу ақысын қамтитын шығыстарды толық өтей отырып ұсынатын, қазақ немесе орыс тіліне нотариус растаған аудармалары бар (бар болса), академиялық оқуға үміткердің өтеусіз негізде қабылданғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттың, мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдеріне нотариус растаған аудармалары бар (бар болса) осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтаманың электрондық көшірмесі;
  • уәждемлемік хаттың электрондық көшірмесі.